Көлеңкелі экономикамен күреске қарқын беру қажет

310

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Алайда, нәтиже көңіл көншітпейді,- дейді жауаптылар. Өйткені, соңғы кездері көлеңкелі бизнес жасаушылардың саны артпаса, кеми қойған жоқ. Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жеке және заңды тұлғаларды заң шеңберінде жұмыс істеуге шақырады.

Ұйымдастырушылар – Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жиынды көлеңкелі экономиканың бірден-бір көрінісі құмар ойындар туралы деректерімен бастады. Қала аумағында жүргізілген «Стоп игра» іс шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 18 дерек тіркеліп, 16-ы сотқа жолданып, 11 қылмыстық іс бойынша сот үкімдері шыққан. Нақты табысты көрсетпеу фактілері шахар аумағындағы базарларда да орын алуда дейді департамент өкілі.
 «Коммерциялық  нысандар, базарларды қашықтықта тексер аламыз.Кірісң де, шығысы да көз алдымызда. Ашықтық  болу керек , кәсіп дөңгелеткен азаматтарды  тіркеліп,  зая шеңберінде  жұмыс істеуге шақырамыз»- дейді Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел ДәуренТұрғынбай.

Қала аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарының бастапқы және қабылдау актісіндегі құнын қадағалап жатқан механизм де, орган да жоқ деген әкімдіктегілер мұны реттеу бойынша ұсыныстарын да жеткізді

Марат Тәжібаев,  Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Мораторий» деп  көптеген нысандарды тексере алмаймыз. Аудан аумағында  заңсыз салынған құрылыс ,  ретсіз дүңгіршектер көбейіп кетті. Егерде бізге  базаға кіруге рұқсат болса, » кілт» берілсе,   көптеген мәселелер тез арада шешілетін еді. Заңсыз  салынған құрылыс нысандары бойынша айыппұл салу мүмкіндігі  болатын еді»

Көлеңкелі экономиканың тағы бір көрінісі соңғы жылдары белең алған криптовалюта бизнесі. Майнинг фермалармен айналысатындар табысын көрсетпегені былай тұрсын, өңірде электр энергиясы тапшылығын тудыруда , -дейді жауаптылар
Руслан Данаев, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:»Жақында біз Еңбекші аудандық әкімдігі, полиция департаменті және «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктесігінің өкілдерімен электр энергиясын көп пайдаланған азаматтың үйіне бардық. Ол кісі еш қарсылық білдірмей есігін ашып, 10-15 блок  орнатылған майнинг фермасын көрсетті. Және тұтынған электр жарығына толық төлем жасап отырғанын жеткізді. Ол азаматқа мекен жайы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында кәсіпкер субъектісі ретінде тіркелуі қажет екендігі түсіндірілді. Шара көруге әзірге мұндай заң жоқ».

Мемлекеттік кірістер департаментіне базарлар мен сауда орындарында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлерді есепке алу және майнинг фермалары бар азаматтарды кәсіпкер субъектілері ретінде тіркеу жөнінде тапсырма берілді. Жүктелген міндеттер хаттамаға енгізіліп, орындалуы қатаң бақылауда болады деді,- төраға.

Шынар Оразова