Республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды

53
2023 жылдың 29 маусымында Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды. Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының екі азаматы 2023 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, тиісті рұқсатты алмай, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылына қарасты егістік алқапта диханшылық жұмыстар атқарған.
Сот отырысында екі азамат кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы аумағына жеке сапармен келіп, егістік алқапта диханшылық жұмыстар жасағынын көрсетті.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы екі азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оларды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Өзбекстан Республикасының екі азаматына Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығып кетуіне 5 тәулік мерзім белгіленді. Қаулыны орындау Отырар ауданының Полиция бөліміне жүктелді. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.