Сарыағашта жылына 50 тонна лимон жинап алынады

36

Сарыағаштық дихандар көкөніспен қатар тропикалық жеміс түрін өсіріп жатыр. Сондықтан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы «Даян» шаруа қожалығына арнайы барып, лимонның қалай өсіріліп жатқанымен танысып қайтты.

Бұл Бағыс елді мекенін тұрғыны Манатәлі Тансықбаев қожалығы. Тынымсыз кәсіпкер 60 соттық жылыжайында «Мейр» сұрыпты лимон өсіріп жатыр. Ал қазір жылыжайдағы лимон ағаштарынан 50-60 тоннаға дейін өнім жиналуда.

Шаруа алғашқы екі жыл ағаш гүлдерін алып тастап, 3 жылдан бастап өнім алғанын айтады. Нәтижесі сәтті шығып, сарыағаштық өнімдер ішкі нарықта сатылуда. Айта кетейік, білікті дихан Манатәлі Тансықбаев кәсіп бастағысы келетіндерге ақыл-кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісуге дайын.