Сарыағаш ауданында түйеқұс өсірілуде

28

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Б.Жанұзақов бүгінгі таңда ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін түйеқұс біздің аудан үшін таңсық құс болатын.

Аталған құс түрін қазір Б.Жанұзақов алғашқылардың бірі болып өсіруді қолға алған.
Сонымен қатар, сүйікті ісі құс шаруашылығы болғандықтан бөдене, бүркіт, үкі, кептер, тотықұс, тауыс (павлин) құстарын бағумен де айналысып жатыр.
Қазіргі таңда сырттан әкелінген құстарды Б.Жанұзақов жерсіндіріп, қолға үйретті. Кәсіпкердің айтуынша түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны.
Ал, одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холостерин аз болғандықтан өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін түйеқұс 100-150 кг дейін ет береді. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі болса 80-100 жыл өмір сүреді. Жұмыртқасының салмағы 3-3,5 кг.
Айта кетсек, аудан тұрғыны Б.Жанұзақов құс өсірумен қатар, марал, бұғы және қоян бағумен де айналысуда.