Шырайлы шаһардың әсем жерлерін аралау мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасынан Шымкентке бірінші рет келген 20 жасар жігіт мегаполис полицейлерінің көмегіне жүгінді.
Қаладағы тамақтану орындары мен әсем жерлер туралы тұрғандардан түрлі бағыт-бағдар алып, әбден шатасқан турист «Арбат» демалыс аймағындағы полиция бөлімшесіне келді.
Онда, туристік полиция қызметкерлері қонаққа өзбек тілінде қызмет көрсетіп, мегаполистегі тамақтану орындары, сауда үйлері мен демалыс аймақтары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, қала қонағына ақпараттық жадынамалар табыстап, кез-келген уақытта көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде, саяхатшы жігіт қонақжай өлкенің ашық-жарқын тәртіп сақшыларына жылы лебіз бірдіріп, саяхатын жалғастыру үшін, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа жол тартты.