Шымкентте Өзбекстан азаматын пышақтап кетті

58

Шымкентте 3 қараша күні кісі өлімі орын алды. «Самал 3» шағынауданында ер адамды пышақтап кеткен. Болжам бойынша ұрыс ұсақ – түйек үшін болған. Қайтыс болған Өзбекстан азаматы. Басты күдікті де көрші елдің азаматы болуы мүмкін.

Қайғылы жағдай мына тұрған мекенжайда болған. Құрылысы қызу жүріп жатқан үйдің жертөлесінде ер адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Самал-3 шағын ауданында қылмыс кешкі сағат 23:00 шамасында жасалған. Қайтыс болған – Өзбекстан азаматы. Басты күдікті де көрші елдің азаматы екен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жақын маңдағы көршілерден сұрап көрдік.

«Ештеңені білмеймін, пышақтап кетіпті дегенді естідім. Оны бәрі естиді ғой. –  Өзбек ұсталар істейтін ба еді бұл жерде? – Иә, 5-6 өзбек бар еді ғой», дейді көршісі.

Ажал құшқан азамат шекара асып келген құрылысшы болуы мүмкін. Пышақты оның тура жүрек тұсына сұққан. Дәрігерлердің оны аман алып қалудың еш мүмкіндігі болған жоқ. Ал қылмысты жасауы мүмкін деген күдіктіні оқиға орнында тез арада қолға түсті.

Алихан Файызханов