Үкімет басшысы алдағы жылыту маусымында бірде-бір апатқа жол берілмеуі тиіс деді. Жылу жүйелері, қазандықтар сыр берген өңірлердегі жұмыстар жоспар аясында, жүйелі түрде жүруі керек. Кері жағдайда, кәсіпорын басшысының ғана емес, сала министрлері мен әкімдердің жауапкершілігі жоғары деңгейде қаралатын болады.
Үкімет отырысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Онда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Қазандықтары, жүйелері тозығы жеткен жылуэнергорталықтары жаңғыртудан өткізу үшін қомақты қаражат керек. Ол мәселе тек инвестиция тарту арқылы шешілмек ,-дейді жауаптылар
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі: «Жылдың екінші жартысы, шілдеден бастап суға, жылуға және табиғи газға тариф 10-30 пайыз аралығында өседі. Әлеуметтік осал топтарға өтемақы төленеді. Олардың тізімі жергілікті әкімдіктерде дайындалады»
Бақылауды автоматты түрде цифрландыру арқылы қадағалауды тапсырамын.