Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 610-бабының 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған М.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Құқық бұзушы М.-нің өзінің басқаруындағы автокөлігімен келе жатып, жол жүрісі қағидасын өрескел бұзып, яғни алдында кетіп бара жатқан С-нің басқаруындағы автокөлігімен ара қашықтықты сақтамай жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде соңғыға материалдық және жәбірленуші С-нің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.
Сот отырысында М кінәсін мойындап, ол үшін өкініш білдірді.
Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлiгінде қарастырылған құқық бұзушылық белгілерімен кiнәлi деп танылып, оған 138 000 (бір жүз отыз сегіз мың) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енбеген.