«Ауыл аманаты»: Тұрғындарға 4,6 мыңнан астам шағын несие берілді

24

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына 4,6 мыңнан астам шағын кредит берілгенін хабарлады. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындардан 73 млрд. теңгеге 12 мыңнан астам өтінім қабылданып, 25 млрд. теңгеге болатын 4,6 мың шағын кредит берілді.

«Биыл жеңілдетілген шағын несиелеуге 100 млрд. теңге бөлінді. Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Қарыздың ең көп сомасы – 2,5 мың айлық есептік көрсеткіші /АЕК/, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК дейін деп белгіленген», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%. Бұл шаралардың барлығы ауылдық елді мекендерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Жалпы, бағдарламаны іске асыруға 2029 жылға дейін 1 трлн. теңгеге дейін қаржы бөлу жоспарланып отыр.