Evrika компаниясы ұтыс ойындарының нәтижесін жариялады

28

Evrika «Жазғы драйв» науқанының жеңімпаздарын анықтады. Онда 130 тұрмыстық техника мен супер жүлде жаңа Chevrolet Nexia автокөліктері ойнатылды. Ұтыс ойыны компанияның Instagram аккаунтында тікелей эфирде өтті. Еске сала кетейік, «Жазғы драйв» акциясы 15 мамыр мен 20 шілде аралығында ұйымдастырылды.

Су жаңа Chevrolet Nexia автокөліктерінің бақытты иегері анықталды. «Жазғы драйв» науқанының нәтижесін Evrika дүкендер желісінің тұтынушылары онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды. Ал акция 15 мамыр мен 20 шілде аралығында Қазақстанның барлық өңірінде өткізілді. Шара барысында компания 130 азаматқа жоғары сапалы тұрмыстық техника мен электроника сыйлап, қуанышқа бөледі.

Алипаша Хинизов, Evrika компаниясының директоры: «Бүгін барлық 7 автокөлік ойнатылып, өз жеңімпаздары анықталды. Бұдан кейін де Құдай қаласа науқандар ойнатылады. Қазіргі таңда “Қайтадан мектепке” деген акция өтіп жатыр. Одан бөлек түрлі жеңілдіктер бар. Сонымен қатар 20 пайыздық кэшбэк өтіп жатыр.»

Акция шарттары өте қарапайым. Кез келген тұрғын Evrika Smart қосымшасында тіркеліп, кем дегенде 50 000 теңгеге сауда жасаса жеткілікті. Ал жолы болған тұтынушылардың есімі компанияның evrika.com ресми сайтында жарияланды.

Екатерина Ивашова, Evrika компаниясының маркетинг жөніндегі директоры: «Ұтыс ойынының барлық жеңімпаздарын 3 қыркүйек күні өтетін шараға шақырамыз. Сол кезде салтанатты түрде автокөліктерінің кілті мен құжаттарын тапсырамыз. Сонымен қатар қосымша сыйлықтарды да сонда беретін боламыз. Барлық жеңімпаздар келеді деген ойдамыз.»

Evrika компаниясы – оңтүстік өңірдегі тұрмыстық техника мен электроника нарығының көшбасшысы. Бүгінде Қазақстанда 27 Evrika дүкендер желісі бар. Олар әлемге әйгілі брендті тұрмыстық техника, электроника, үйге қажетті тауарлар, кондиционердің 10 000-нан астам түрін ұсынады.

Instagram: @evrika.kazakhstan