Көпқабатты үй подъезінде көршілердің кір жаюына рұқсат па? Заңгер кеңесі

1098

Көпқабатты үйдің подъезінде көршілердің жуылған кірлерін киім кептіргішке жаюы, сондай-ақ балалардың коляскасы мен велосипед, жиһаздарды қоюы қаншалықты заңды?

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, көршілеріңіз сіз тұрып жатқан көпқабатты үйдің подъезіне жуылған кірлерін жайып, үйіңізге өтуге кедергі келтірсе, көршіңізге ескерту бере аласыз. Сонымен қатар сіз подъезге кір жаймауын талап етуге құқылысыз.

«Кіреберіс, баспалдақ барлық тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады. Ал ортақ мүлікке тек өзара келісім бойынша ғана билік етуге болады. Бұдан бөлек подъезге балалар коляскасы немесе велосипедтерін, жиһаздарын қоюға тыйым салынады. Өйткені өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялауға кедергі келтіретіні анық. Осы нормалардың бұзылуына тап болсаңыз, учаскелік полиция инспекторына жүгіну керек. Ол өз кезегінде өрт сөндіру инспекциясына бұл туралы хабар береді»,-деді заңгер.