Онлайн жұмыс істейтін қызметкерді жұмыс беруші интернетпен қамтамасыз етуге міндетті ме?

526

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерді жұмыс беруші интернетпен қамтамасыз етуге міндетті ме? Бұл сұраққа редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

ҚР Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес, жұмыскердің қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол туралы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында түзілетін еңбек келісімшартында айқындалып көрсетілуі керек. Өзара келісім аясында жұмыс беруші өз тарапынан қызметкерді байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге және жұмыскер жұмсаған шығындарды өтеп беруі тиіс. Ол жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Жұмыскердің жұмыс уақыты еңбек шартында нақтыланып жазылады және тапсырылған тапсырмаларға байланысты есептеледі. Қызметкердің жұмыс жасау барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі арнайы ережерлермен таныстырылуы қажет.