Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды

36

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссиясының мәжілісі және сегізінші шақырылымындағы бесінші сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, аудан әкімдігінің мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары, дәрігерлік мекемелердің бас дәрігерлері, ауыл әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылды. Шанақ ауылдық округі әкімінің есебі туралы, аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстарының барысы туралы, Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы, Қазығұрт ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы, Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №38/172-VІІ «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №39/257-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округіндегі Қырыққыз елді мекенін тарату жөніндегі ұсыныс туралы, Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы «Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №2/11-VІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сессияда жұмыс есебі қаралаған аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мен Шанақ ауыл округі әкімінің баяндамалары мен мәслихаттың уақытша комиссиясының қосымша баяндамалары тыңдалды. Бөлім басшысы мен ауыл әкіміне депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Кем-кетіктер сараланып, жеткен жетістіктер жіпке тізілді. Ауылдық округте атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан да айтылып отырған мәселелер аз емес. Алдағы уақытта аталған мәселелердің шешімін табу қажеттігі талқы таразысына түсті. Күн тәртібінде бұдан бөлек, ауданда кәсіпкерлік саласына дамыту мәселесі де талқыланды. Алдағы уақытта ауданда кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланатын болады. Бұдан өзге, басқа да мәселелер де талқыланып, депутаттардың сұрақтарына шешім жобасын ұсынған бөлім басшылары мен тиісті мамандар жауап берді.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.