Аялдамаларға жарнама жапсыруға тиым салынады

фото ШқӘБҚ

«Қала аялдамаларына, ашық аймақтарға, қабырғаларға жарнама парақшаларын жабыстырмауларыңызды сұраймыз».  Бұл туралы қала әкімдігінің facebook парақшасында хабарланды.

«Жарнама ілетін арнайын орындар бар. Жарнама талаптарының сақталмауына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Қала баршамызға ортақ мекен. Сондықтан аула, көше тазалаушы қызметкерлердің еңбегін бағалайық», -делінген хабарламада.