Қала әкімі мен орынбасарлары атынан жалған ақпараттар жіберілуде

фото ШқӘБҚ

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшыларының атынан ақпараттар жіберілуде. Бұл жалған! Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 «Мұндай ақпараттарды интернет алаяқтары жолдайды. Жалған хабарламаларға сенбеңіздер, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер.
 Қала әкімі мен орынбасарларының, сондай-ақ басқарма басшыларының барлық хабарламалары тек жеке телефондары мен аккаунттары арқылы жіберіледі. Фотосуреттері бар алайда жасырылған телефон нөмірлері арқылы келген қоңыраулар мен хабарламаларды елемеңіздер.
 Сіздерді сақ болуға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!» , – делінген хабарламада.