Шымкентте өжет өрт сөндіруші 50 л газ баллонды өрттен алып шықты

24

Шымкент қалалық ТЖД «101» басқару пультіне 2023 жылғы 16 тамызда сағат 14:11-де Абай  ауданы Қайнарбұлақ саяжайы  Садовая  көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш. м. құрайтын тұрғын үйдің шатыры  толығымен  жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтады.

Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп,  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты  Нұрсұлтан Амангелдіұлы Абдукадиров  өрттен  50 л. газ баллонды    қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Өрт 14:36-да  оқшауланып, 14:54-те сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 11  қызметкері мен 2 бірлік техникасы, апаттар медициналық орталығы филиалының бригадасы  жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңызды сұраймыз!