96,7 млн. теңгені тиімсіз пайдаланудың жолы кесілді

18
фото Ұлт.кз

Бұл туралы қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте хабарлады.

Спикердің айтуынша, Еңбекші ауданының әкімдігі жыл соңына дейін 3 ай ғана қалғанына қарамастан, арнайы көлікті жалға алу бойынша қызметтерді 6 айға сатып алуға конкурс жариялаған.

Департаменттің ұсынымынан кейін тапсырыс беруші сатып алудан бас тартып, 96,7 млн. теңге үнемделген.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық Антикор жүйелі негізде сатып алу бағасын көтеруге қатысты мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізуде.

Тек ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1,8 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.