5 адамның өмірін қиған басқарушысыз автобус жүргізушісіне үкім шықты

46

Шымкентте орын алған жантүршігерлік жол апатына байланысты сот шешімі шықты. 5 адамның өліміне алып келген басқарушысыз қалған автобус жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Юлдашев орын алған іске қатысты кінәсі дәлелденіп келесі үкім шығарылды. Күдікті 5 жылға бас бостандығынан айрылсын»,- деп үкім шығарды судья Жанат Мүсірәлі.

Оған қоса, сот шешіміне сәйкес, Юлдашев 7 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айрылды. Күдіктіге 345-баптың 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу» бойынша айып тағылған еді.

Айта кетейік, 8 сәуір күні С.Бәйтереков пен Қ.Назарбеков көшесі қиылысында тізгіншісіз автобус 6 адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал тағы 2 тұрғын ауруханада көз жұмған. Апаттан тірі қалған 18 жасар Дариға Сейдалиева қазір 3 топ мүгедегі. Ол әлі күнге ем қабылдап жатыр.

Әсел Мәлік