Өткен жылы 3 сотталушы рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шыққан

25

2022 жылы қасақана адам өлтіру бабы бойынша сотталғандар саны жоғары. Сот судьяларының өндірісінде 70 іске қатысты шешім шыққан. Оның ішінде 25-і адам өлімі бойынша қаралып, күдіктілер темір торға тоғытылды. Сонымен қатар арасында рақымшылыққа ілінгендер де жоқ емес.

Шымкент қалалық сот өндірісінде 86 тұлғаға қатысты 70 қылмыстық іске сот шешімі шыққан. Оның басым бөлігі адамды қасақана өлтірді деген күдікке ілінгендер. Атап айтқанда адам өліміне қатысты 25 іс қаралған. Сот төрағасының сөзінше көп жағдайда қайғылы оқиға тұрмыстық жанжалдан туындайтын көрінеді.

Әбсаттар Шахидинов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Сонымен қатар 9 тұлғаға 7 іс бойынша алдын ала тыңдаудан өтіп, прокурорға қайта жолданды. 2 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды. Яғни олар қылмыс жасаған тұлғалар. Қылмыс жасау кезінде есі дұрыс емес халда ҚК-те заңмен тыйым салынған әрекетке барған деген медициналық сараптама болғандықтан мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылды»

Ал орта санат бойынша сотты болған 3 азамат «Рақымшылық жасау туралы» заң негізінде жазадан босатылды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген тұрғын соттың шешімімін кінәсіз деп танылған. Ал ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша 66 тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы тағайындалған.

Әбсаттар Шахидинов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Асар ауыр санаттағы қылмыстар бойынша сот үкімімен жалпы 51 тұлға кінәлі деп танылып, оның 50-іне бас бостандығынан ауыру жазасы тағайындалды. Ал 1 азамат кәмелеттік жасқа толмағандықтан ҚК 55 бабының 4 бөлігіне сай ерекше мән жайларды ескере отырып, ең төменгі бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды»

Қаламызда алқабилер алқасы қатысқан соттар көрсеткіші төмен. Өткен жылы олар бар жоғы 5 іске араласса, оның тек 3-еуінің ғана шешімі шыққан. Бұл барлық тыңдалымның тек 4 пайызын құрайды. Биылдан бастап алқабилер 33 бап бойынша қозғалған іске қатыса алады. Демек олардың сот процесіне араласу мүмкіндігі артпақ.