ҚР Судьялар одағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды

43

Түркістанда Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды. Аталған сайыста сот саласы мамандары спорттың 8 түрлінен өзара бақ сынауда. Республикалық деңгейде өтіп жатқан сайысқа қатысушылар еліміздің әр өңірінен жиналды.

Түркістан төрінде еліміздің судьялар одағының 10-шы спартакиадасының финалдық ойыны өтуде. Оған республика бойынша 17 команда қатысып, спорттың 8 түрінен бақ сынауда.

Атап айтқанда, спорттық сайысқа қатысушы заң қызметкерлері футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, үлкен теннис ойнап, өзара мықтыны анықтайды. Ал шара соңында жеңімпаз атанған командалар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Осы  шараны ұйымдастырып отырған сот төрағасы Асланбек Амангелдіұлына алғысымызды білдіреміз. Түркістан қаласында өткізуге шешіп қабылдап, Түркістан облысы 5 жыл алдын құрылды. Міне қысқа уақытта заманауи спорт нысандары ел игілігіне беріліп отыр. Қазіргі уақытта Б. Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр».

Еліміздің түпкір түпкірінен жиналған сот мамандары арасындағы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы сөз сөйлеп, додаға келген әріптестеріне сәттілік тілесті.

Асламбек Мерғалиев, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы: «ҚР Судьялар одағының ұйымдаструымен басталып жатқан 10 спартакиадасына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту турасында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Спорттық дәстүрлерді нығайту бағытында командалық рухты тәрбиелейтін турнирлермен спартакиадаларды республикалық деңгейде өткізіп жатқан ҚР Судьялар одағына алғысымды білдіремін. Сіздердің осындай жарысқа қатысуларың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы алға қойған мақсаттың көрінісі болып табылады».

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында бұқаралық спорттық жарыстар көптеп ұйымдастырылуда. Мұның барлығы мемлекет басшысының азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық, яғни командалық спортқа кеңінен тарту жөніндегі тапсырмалары бойынша жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда Түркістанда спорттың дамуына елеулі үлес қосатын, заман талабына сай «Олимпик центр» спорт кешені, «Түркістан-арена» стадионы, халықаралық теннис орталығы, «Мұз сарайы» бой көтерді. Жуырда ғана Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылып, пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені мен ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр.