Шымкентте шулы той кортежі үшін күйеу жігіт жауапқа тартылды

53
фото Стан.кз

    Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент полейлері тікелей эфирде той кортежіне қатысушылар тарапынан құқық бұзушылықтар орын алып жатқан бейнежазбаны анықтады.

     Оқиға орнына Еңбекші АПБ-ның тәртіп сақшылары барды. Істің мән-жайын анықтау барысында, жергілікті тұрғын үйлену мақсатында қыз ұзатып алып келгені, туыстарымен қуанышты тойлау үшін жиналғаны және пиротехниканы қолданып әуеге салют атқаны белгілі болды.
      Тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін күйеу жігітке қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі « Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолданып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
    Сондай-ақ, бейнежазбада көрсетілген «ВАЗ приора» маркалы автокөлігінің жүргізушісі анықталып, арнайы сигналды маяктарды (стропаскоп) қолданғаны үшін әкімшілік кодекстің 603-бабы 1-бөлігімен жауапқа тартылды.
    Осыған байланысты, полицейлер беймезгіл уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзбауды ескертеді.