Úı ANONS “Лайк” айыппұлдан құтқармайды: Әлеуметтік желі жол ережесін бұзған әйелдің әрекетін әшкереледі

“Лайк” айыппұлдан құтқармайды: Әлеуметтік желі жол ережесін бұзған әйелдің әрекетін әшкереледі

фото ТОПД
Әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді құралына айналуда. Кезекті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі интернетте жарияланған бейнежазба арқылы анықталды.
Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Chevrolet Monza автокөлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші бойжеткенді анықтады.
Ол жол белгілері мен таңбаларының талаптарын елемей, қауіпті манёвр жасаған. Нәтижесінде өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болуы мүмкін жағдай қалыптастырған.
Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге «апаттық жағдай туындату» және «жол белгілері мен таңбалары талаптарын сақтамау» баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Интернет кеңістігі жауапкершіліктен босатпайды. Яғни жол үстіндегі қауіпті әрекеттерді жариялау танымалдық емес, заң алдындағы жауапкершілікке әкеледі.