Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы жинақтарының тең жартысын сенімгерлік басқаруға беруге болады. Бүгінде жинақтардың түбіртегін алғанда аударуға болатын ақшаның сомасы да көрсетіледі. Оны бес компанияға жіберіп, үстінен табыс табуға мүмкіндік бар.
Олар жайлы мәліметті қордың сайтынан алуға болады. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады. Жеке кабинет арқылы өтініш жіберу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.