Жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген

46

Бүгінде облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан, ауылдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындардың барлығы да кәсіпкерлерге берілген. Аталған аумақты таза ұстау олардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауыл округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орын 2014 жылы Облыстық құрылыс басқармасы тапсырысшы болып, құрылыс жұмыстары жүргізілген.

2022 жылдың 14 қаңтар күні Сарапхана ауыл округі әкімі аппаратының теңгерімінен «Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көпсалалы кәсіпорыны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының теңгеріміне өткізу-қабылдау актісімен бекітіліп беріліп, жоғарыда аталған мекемеден аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне берілген.

Қазіргі таңда, нысан 10 жылға «Ғалымжан Исаков» жеке кәсіпкерлігіне сенімгерлік басқаруға берілген. Нысанның аумағы 3 гектарды құрайды. Нысанның айналасын таза ұстау және қоршау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жеке кәсіпкерге қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, тұрғындар мал өлекселерін арнайы «Беккере» шұңқырына жеткізіп тастамай полигонға тастап кетуінен және қоқыс қалдықтарын полигонға баратын жолдың бойына тастап кету салдарынан орын алуда. Қазіргі уақытта кәсіпкер қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынды таза ұстауға күш салуда. Аумақтың айналасын толық тазартып, сын ескертпеден нәтиже шығарып отыр.