БЖЗҚ: Салымшылардың шоттарында 12,8 трлн. теңге зейнетақы жинақтары бар

72

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2021 жылдың 1 тамыздағы негізгі көрсеткіштерін жариялады.

Салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Сома 759 миллиардтан аса теңгеге немесе 6 пайызға өсті. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары бойынша қалыптасты, оның мөлшері 12,5 трлн теңге.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 335,7 млрд. теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд. теңгеге жеткен.

Шынар Оразова