Экс-басшыға қатысты 2 жылға соттау жазасы сұралды

фото turkystan.kz

Шымкентте жолаушылар көлігі басқармасының экс-басшысына қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде екі жыл жазасын өтеу сұралды. Бұрынғы басқарма басшысы кәсіпкерден 13 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған еді. Алайда, прокуратура кейінірек айыптауды билікті асыра пайдалану бабына ауыстырды. Бүгін мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунікке ең төменгі қауіпсіздік колониясының 2 жылын сұрады.

Тоқтарбек Төлбасиев, Шымкент қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры
» ҚР ҚК 361-бабымен кінәлі деп танып, оған осы баппен, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субьектілері лауызмдарын атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраймын.»

Сотталушының адвокаттары мемлекеттік айыптаушымен келіспейді. Себебі экс шенеунік автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы лауазымында небәрі 4 ай қызмет атқарған. Айта кетейік, бұрынғы басшының ісіне қатысты сот үкімі 16 қарашада оқылады деп жоспарлануда.