1 трлн. теңгеге жуық актив мемлекетке қайтарылды

10

1 трлн. теңгеге жуық актив мемлекетке қайтарылды. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, оның 308 млрд-тан астамы мемлекет меншігіне биыл өткен. Оның ішінде ақшалай, бағалы қағаз, жылжымайтын мүлік, қымбат көлік түріндегі активтер бар.

Дүние мүліктің көбі Франция, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылған. Шамамен 300 млрд. теңге шетелден қайтарылған. Енді бұл активтер арнайы ашылған қорға түседі. Ал бұл қорға түскен қаржы экономикалық әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.