БЖЗҚ активі 15,8 трлн. теңгеге жетті

57

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 15,8 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан 1,2 трлн теңгеге немесе 8,3 пайызға ұлғайып, мамыр айының соңында 15,8 трлн теңгені құрады», – деді Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық банк төрағасының дерегінше, жыл басынан инвестициялық кіріс көлемі – 508,1 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 837,4 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 100,9 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы 62,8 млрд теңге болды.

«Зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру және шетелдік нарықтарда инвестициялау мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 1,1 млрд доллар сатып алынды», – деді ол.