9 жасар оқушыны белгісіз біреу тапа-тал түсте тонап кеткен

123

Шымкентте мектеп оқушысын жас жігіт тонап кеткен. Полицияға баланың арызданған.

Қала тұрғының айтуынша, белгісіз біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде ұрлап кеткен. 9 жасар бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның жанына бейтаныс жігіт келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұрапты. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан күдікті бөтеннің ұялы телефонын алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған.

«Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті. Жедел басқару орталының бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұстады. Ол ұрланған смартфонды сатып үлгермеген екен. Гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды» делінген полиция мәліметінде

Белгілі болғандай, жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.