Қаржы пирамидасының басшысы екі жүз мың адам тартып, 700 млн. теңге залал келтірген

28
фото Sputnik / Абзал Калиев

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды.
Ол 700 млн. теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.