Дулати мен Қазыбек би көшелерінде қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгерді

44

2 қарашадан бастап Дулати мен Қазыбек би көшелерінде көлік құралдарының қозғалыс бағыттары өзгеруіне байланысты қоғамдық көліктердің жүру сызбасына толықтырулар енгізілді:

Қазыбек би көшесінің бойымен №61, 171, 171«А» автобустары уақытша екі жақпен жүре алады, ал Рысқұлов көшесінен Тауке хан даңғылына қарай №74, 84, 182, 113, 45 маршруттары қатынайды.
Дулати көшесінің бойымен Рысқұлов көшесінен Тауке хан даңғылына қарай №74, 84, 182, 113 маршруттарының қозғалысы бір жақты ұйымдастырылады.