Кәсіби журналист Данияр ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ әріптесімізді сағынамыз

0

2023 жылғы 16 қарашада белгілі журналист, медиа саласының кәсіби маманы Данияр Құдайбергенов өмірден озды. Otyrar TV телеарнасының енді қалыптасып, дамып келе жатқан кезеңінде журналистикаға келіп, 22 жыл ғұмырын арнаған әріптесіміз небәрі 56 жаста еді.
Данияр ағаны қатарластары «Доня» десе, іні-қарындастары «Доня аға», «Доня ағай» деп айтатын.

10 жылдай бұрын «Отырар» медиахолдингіне жұмысқа келдім. Жұмысқа жаңа келген жас маманды кәсіби журналистердің жанына қосып, түсірілімге жіберетін.
Данияр ағамен бірге Төтенше жағдайлар департаменті, салық органдары, әскери бөлімдерге, «ПетроҚазақстан ОйлПродакст» ЖШС-інде болатын түсірілімдерге баратынмын. Доня аға кезекші болған кезде кешкісін «Шұғыл шақырылым» / «Экстренный вызов» бағдарламасының да түсіріліміне шығады. Мен қосыламын.
Түсірілімде де, редакцияда да ол кісінің ұтымды әзілдерін есту бір ғанибет. Кез келген жағдайда көңіл күйден түспей, өзі күліп, басқаны да күлдіретін. Кез келген нәрсенің көпшілік байқай бермейтін қырларын байқап қоятын. Түсірілім алаңында әріптесіне қамқор боп жүретін.
Данияр ағаның жасаған сюжетін кез келген аудитория түсінетін. Небір қиын тақырыпты өзі түсініп, соны басқаға түсіндіре алатын. Сюжеттері толымды әрі жан-жақты мазмұнымен ерекше еді.
Биязы әрі зиялы әріптесіміздің қазасы редакциямызды есеңгіретіп кетті.

жақындарымен бірге

Әйгерім Жұмағұлова, OTYRAR медиахолдингінің директоры:
«Аяулы әріптесіміз өмірден озды. Данияр Құдайбергенов ақпарат алаңын дамытуға үлкен үлес қосты. Ол өз ісінің нағыз кәсіби маманы, мейірімді, жанашыр, интеллигент адам еді. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде, естеліктерімізде, мәтіндері мен сюжеттерінде ұзақ өмір сүреді. Данияр ағаның берері көп еді… Ұжымның атынан әріптесіміздің жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Нұры пейіште шалқысын».

Фарида Шарафутдинова, «РАБАТ» газетінің бас редакторы:
«Ты ушел, но ты и вернулся…
Как-то неловко писать соболезнование по случаю кончины коллеги, который младше тебя по возрасту. Вроде бы ты, со своим солидным набором болячек, еще здесь, а он, молодой, уже ТАМ. Опередил, прошел вне очереди. Но, видимо, у Всевышнего на каждого из нас свои планы…
Наш милый Доня, Данияр Худайбергенов. Не верится, не укладывается в голове мысль, что его не будет больше с нами. Такой надежный, человечный, простой, отзывчивый, деликатный и вечно спешащий.
В его арсенале были почти все жанры тележурналистики: и новостные репортажи с места событий, и аналитические обзоры, и обозрения, и криминальная хроника…
Главное, что отличало его стиль — точные, проверенные факты, логика, сюжетная целостность. Посмотрев его сюжет, зритель получал полную на тот момент информацию. Это — достойно, это — профессионализм.
Как теперь понимаю, мы с Доней в общем-то мало пересекались. Так бывает, когда ты просто трудишься в одном коллективе, работаешь на одну цель, но каждый на своем участке. Просто ты знаешь, что конкретно этот человек, Данияр Худайбергенов — одной с тобой крови, братишка по духу, по целеустремлениям, мировоззрению.
Доня очень переживал за профессиональное будущее своего сына Эрика, особенно когда тот вслед за ним подался в журналистику. Вот тут он спрашивал совета, просил содействия и получал их. Заботы Дони, это наши заботы, его коллег. Так у нас принято в медиахолдинге.
Фамилия Худайбергенов на русский язык переводится как Богом данный. Нам, действительно, Доня был дан Всевышним. Как жаль, что это понимание пришло так поздно…
Покойся с миром, дорогой наш… Ты ушел от нас, но ты вернулся к Богу».

Валентина Куликова, OTYRAR медиахолдингінің 1993-2018 жылдардағы басшысы:
«Тяжелый сегодня день, хотя не понедельник, а пятница.
17 ноября. Ушел из жизни мой ученик, талантливый, профессиональный журналист Данияр Құдайбергенов.
Осиротела я еще на одного ученика. Ушел так быстро, что даже никто не поверит, что его нет в живых.
Палочка-выручалочка, профессионал своего дела. Страшно было. Все душа моя в печали.
Прощай, Данияр!»

жан жары Елена, қызы Ксения мен немересі Ярославпен бірге

Шынар Оразова, «Отырар TV» телеарнасының тілшісі:
«Данияр кеңпейіл, мінезі жарқын адам болатын. Әріптесім әрі досым жайлы өткен шақта айту – маған өте қиын. Өйткені, 20 жыл бірге қоян-қолтық қызмет еттік. Балаларымыз «Отырар» арнасымен бірге есейді. Даниярды арамызда барлығымыз еркелетіп, «Доня» деп атаушы едік. Оның қандай да түсірілімде болмасын, эфирге материал әзірлегенде, барлығын толыққанды шеберлікпен жазуы мені таң қалдыратын. Сол салада жұмыс істеген адам сияқты жазатын, мәтіні мінсіз, сауатты. Эрудициясымен бізді қуаттандыратын. Әзілін айтсаңшы.
Сол қайтыс болатын күні жанымызда айналшықтап, қызық оқиғаларды айтып, күлдірді… Ол бізбен қоштасқан екен. Біз сезбедік. Кім сондай мейірімді досын қияды. Донябайдың біреуге қатты сөйлегенін, ашуланғанын көрмедім. Барлығының көңілін аулауға тырысатын. Қарыз сұрасаң соңғы тиынын бөлісетін. Ақкөңіл, біреу жайлы пікірін сұрасаң, тек жақсы жағын айтатын абзал жан еді. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, досым!».

Татьяна Корякина, «Отырар TV» телеарнасының бас редакторы:
«Мой дорогой друг, Данияр Худайбергенов, добрый, отзывчивый и жизнерадостный.
Нет сил говорить о тебе в прошедшем времени.
Этот мир покинул опытнейший журналист, профессионал своего дела, больше 20 лет работавший корреспондентом медиахолдинга «Отырар — ТV». Данияр был человек яркого, многогранного таланта, настоящая легенда рейтинговой программы «Экстренный вызов» и новостной журналистики.
Человек потрясающей работоспособности и преданности делу.
Его уход — невосполнимая утрата для близких, коллег, для всего профессионального сообщества. Личная утрата для меня, как его близкого друга и редактора информационной программы «Новости».
С нами останется светлая память о нем и сотни сюжетов, озвученных его неповторимым тембром голоса.
Талантливый, неравнодушный, надежный, эрудированный и добрый.
В профессии и жизни Данияр всегда был настоящим, без какого-либо эпатажа, как и подобает профессионалу. Увы, подвело здоровье.
Большая потеря для всех, кто его знал. Личная утрата для меня, глубокая скорбь».

жан жары Елена мен ұлы Эрикпен бірге

Малика Қанжарбекқызы, «Отырар TV» телеарнасының редакторы:
«Данияр аға ішкі мәдениеті биік адам еді…
Орны қатты ойсырап тұр… Себебі қазақша сюжеттердің басым бөлігін Данияр аға аударатын болған соң күнде сөйлесетінбіз. Өте көңілді жүретін. Кейде аздап мазасы болмай тұрғаны жүзінен көрініп тұрса да қабақ шытпайтын.
«Бәрі жақсы болады, Маликуша» деген сөзді көп айтушы еді. Кейде түсірілім көбейіп кеткенде оператор жетпей жатады. Сондай сәттерде «Ағааау» деген бір ауыз сөзге жібіп сала беретін. «Лааадно, сен қыздарыңды жібере бер. Мен өзім амалдаймын» деп, жол бере салатын.
Сабырлы еді. Кез-келген мәселені жай-жапсарымен жіліктеп түсіндірген кезде, тіпті шешілмейтіндей болып көрінген проблемалардың өзі қатардағы «түйткілдердің» бірі боп қалатын. Ол кісінің жасы мен тәжірибесін бұлдап біреуге дауыс көтеріп, қабақ шытқанын да көрмеппін. Себебі, Данияр аға ішкі мәдениеті биік адам еді…
Данияр аға туралы өткен шақта айту өте қиын. Себебі, кеше ғана үлкеннің көңілін, кішінің тілін тауып, арамызда жарқырап жүрген жақсы адамды енді қайта көрмейтінімізге сенгім келмейді. «Маликуша, мына сюжеттің текстін маған жіберші» деп айтатындай көрінеді әлі…
Ол өзі дайындаған жаңалықты былай қойғанда, тіпті аударма сюжеттің «екінші тынысын ашып» беретін эфирден. Жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі әрбір сюжетінен көрініп тұратын. Нағыз шебердің өзі болды. Ол кісіден үйренеріміз көп еді. Әттең…
Алланың адам баласына кесіп берген тағдырына пенде қашан қарсылық таныта алып еді. Жүрегі кең, жарқын пейіл, жанашыр ағамызды Жаратқан алдынан жарылқап жәннәтпен сүйіншілеген болсын. Ал оның журналист ретінде жүріп өткен жолы, теңдессіз тәжірибесі бізге үлгі, ұмытылмайтын жылы естелік боп қала бермек.
Бақұл болыңыз, Данияр аға!»

Вячеслав Шварц, «Отырар TV» телеарнасының сайт редакторы:
«Для меня Данияр был не только отличным коллегой, но и великолепным человеком. Его естественная открытая улыбка, заботливые слова и дружеская натура многих делали счастливыми в его присутствии. Он всегда был готов протянуть руку помощи, поддержать и вдохновить добрыми делами и словами.
Он прошел длинный творческий путь и уже был большим профессионалом в своей работе, но его настоящая стойкость и красота лежали в его человечности. Он не просто классно выполнял свои обязанности, но и стремился создать комфортное и дружественное окружение, был по-настоящему добрым и всегда готовым прийти на помощь.
Я буду скучать по нашему Данияру, Доне… коллеге и очень хорошему человеку».

Шуддин Саидов, «Отырар TV» телеарнасының журналисі, «Халық&Билік» телебағдарламасының жүргізушісі:
«Он был человеком, был представителем интеллигенции нашей страны! Дядя Доня, помогал всем, был в центре всего. Он останется с нами, он не ушел».

Евгений Дробязко, тележурналист:
«Данияр бауырымыз туралы бір оқиға айтып берейін. Жедел жәрдем ауруханасына барғанымызда, бір дәрігер келіп өзін таныстырды. «Сәлеметсіздер ме? Менің атым — дәрігер Гавриков. Сізбен танысайын деп едім. Сіз болашақ жұлдызсыз ғой» деді. Таныстық.
Сосын көлікте жұмысқа қайтып бара жатқанымызда, жүргізуші: «Білесің бе? Саған келіп танысқан дәрігер — өте мықты гинеколог. Менің әйелімді босандырып алған» деді.
Сонда Данияр: «Ол менің де әйелімді босандырған» деді.
Ал мен 20 жастамын. Даниярдың сырт келбетіне қарап, оның жасы менен де кіші деп ойлайтынмын. Сөйтіп, түсінбей, «Тоқтай тұршы. Сенің әйелің бар ма» деп сұрадым. «Иә. Байқасаң, балам да бар» деді. «Сонда қай жылғысың?» десем, «67 жылғымын» дейді. Оның менен 11 жас үлкен екенін сол сәтте түсіндім.
Данияр бауырымыз қарым-қатынас барысында өзін өте қарапайым ұстайтын. Сондықтан оның жасы менен үлкен деп әсте ойлаған емеспін. Ол стажер боп келгенде, «Данияр, су әкеп берш, Данияр, пирожки әкеп берш» деп жұмсайтынмын. Ол: «Е, мұрынбоқ, өзің бар» деп айтса да болар еді ғой. Бірақ құрақ ұшып жүретін.
«67 жылғымын» дегенде, «Кешір, братан. Енді суға өзім барып келемін, братан» дедім. Ол: «Ой, қоя бер, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бұл өмір ғой» деп еді.
Оның жазған мәтінін алғаш көргенде өте сауатты жазатынын түсіндім. Жазуы басқаға ұқсамайтын әрі түсінікті етіп жазатын. Оның осы талантын байқаған телеарна басшылығы да дереу жаңалықтарға тартты.
Қазір Даниярдың орны ойсырап тұр. Шымкент журналистикасы орны толмас қазаға ұшырады. Мықты адамнан айырылды. Данияр бауырымыздың жатқан жері жайлы болсын. Топырағы торқа болсын. Алла алдынан жарылқасын».

«Отырар TV» телеарнасының ұжымымен бірге

Жұлдыз Шүкенова, «Отырар TV» телеарнасының диктор-журналисі:
«Данияр был особенным. От него просто веяло человеческой простотой. Даже те, кто не общался с ним близко, всегда относились к нему с теплотой. Его невозможно было не любить. Пусть душа его покоится с миром».

Юлия Машковская, «Отырар TV» телеарнасының қызметкері:
«Данияр был хорошим другом и коллегой. Это невосполнимая потеря для нас всех. Помним, любим, скорбим».

Елена Карпенко, «Отырар TV» телеарнасының тілшісі:
«Данияр был очень добрым, понимающим и ответственным человеком. Когда бы я ни обращалась за помощью, он никогда не отказывал. Мы работали в одном кабинете, и каждое утро, когда я приходила на работу, он начинал наш диалог с анекдота. Мы смеялись, и с позитивом приступали к работе.
Светлая вам память, Данияр. Покойтесь с миром!»

Көркем Усибалиева, «Отырар TV» телеарнасының тілшісі:
«Дядь Доня был супер классным человеком. Очень добрым, хорошим и радостным. Он ни разу в жизни никому не грубил, никогда не повышал голос. По работе всегда помогал и никогда не отказывал. Мы вчера даже успели обсудить планы на будущее, он сказал, что планирует на встречу с журналистами поехать, а сегодня его нет. Я до сих пор не могу поверить в то, что его нет. Он любил свою жизнь, свою работу и свою семью. Светлая память, он будет жить в наших сердцах».

Тина Құдайберген, «Отырар TV» телеарнасының тілшісі, сайт редакторы:
«Дядя Доня, это то как мы все его называли, был очень добрым и скромным человеком. Он всегда умел хорошо шутить и в его юморе сразу чувствовалась эрудиция и острый ум. Он был из тех людей, которые вызывали к себе уважение и чья доброта и порядочность чувствовались в его ауре.
Уход из жизни Дяди Дони огромная потеря для Otyrar. Для меня, как для молодой журналистки, было огромной честью работать бок о бок и знать такого талантливого мастодонта своего дела. Его отсутствие всегда будет чувствоваться.
Я приношу глубочайшие и искренние соболезнования его семье. Мы разделяем с Вами эту скорбь».

Асқар Сәтбаев, әріптесі:
«Абай атамыз «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп айтып кеткен. Сол сияқты Данияр ағамыз біз үшін адамгершіліктің, кішіпейілділіктің, адамның бойындағы жақсы қасиеттердің эталонын көрсете білген жан. Ол көбіміздің жүрегімізде сол қасиетімен ерекше еді.
Жаназада әріптестер бір-бірімізден «оның ашуланған кезін кім көрді» деп сұраймыз. Ешкім көрмеген екен. Бір ашуланғанын ешқайсымыз көрмегенбіз.
Оның жарқын бейнесі ұмытылмайды. Алла алдынан жарылқасын. Алла Тағала панасына алсын. Кейінгі ұрпағына тек жақсылық нәсіп етсін».

Шымкент қаласының ТЖД ұжымы:
«Білікті маман, жоғары рейтингке ие «Экстренный вызов» бағдарламасымен танымал Данияр Құдайбергенов баршамыздың жадымызда! Осындай жақсы жанның мезгілсіз қазасы қабырғамызға батты. Әрқашан жайдары мінезімен, сабырлығымен қандай да бір іс болса жоғары деңгейді алып шығатын еді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметін насихаттауда Даниярдың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Өзінің қайталанбайтын дауыс ырғағымен ойыңдағыны дөп басып жеткізетін тәжірибелі журналист болатын. Қайталанбас тұлға, жақсы дос еді!
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы «Отырар» телеарнасының журналисі Данияр Құдайбергеновтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарының, телеарна ұжымының қайғысына ортақ болып, көңіл айтады».

Данияр сынды азаматтардың есімі ұмытылмайды. Оның адамгершілігі, кәсіби болмысы, шығармашылығы үлгі. Журналистикада қалдырған ізі өшпейді.

OTYRAR медиакомпаниясының ұжымы аяулы әріптесіміз Данияр Құдайбергеновтің қазасына байланысты оның отбасына, жақындары мен бауырларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!

Бетті дайындаған:
Жәнібек Нұрыш