АШМ: Астықтың 86 пайыздан астамы жиналды

26
астық дер кезінде жиналады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің  мәліметі бойынша Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақыл жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды.

Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындыққа тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.
Президенттің ауарайынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:

форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасы 3-класты бидай үшін 120 мың теңге және 4-класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;

форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3- класты бидайды 4-класқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;

міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, шаруалар «Азық-түлік корпорациясы» астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4-класты бидай үшін 105 мың теңге, 5-класты бидай үшін 90 мың теңге, класқа жатпайтын бидай үшін 70 мың теңге.
Сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылады.