Декларация: ҚР және шетелдегі активтердің бар-жоғы көрсетілуі қажет

33

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде қанша қолма-қол ақшаның барын көрсету қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті мұның себебін түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, қазір барлық төлемдердің 86 пайызы электронды түрде жүзеге асады. Тіпті айналымда жүрген қолма-қол ақшаның нақты мөлшері белгісіз. Сондықтан мүлікті жария ету кезінде азаматтар 34 миллион теңгеге дейінгі қолма-қол ақшасын көрсетуі тиіс.

Декларациялау алдағы жылы басталады. Ақшадан бөлек, шетелде және Қазақстанда активтердің бар-жоғы көрсетілуі қажет.