Халық қасіреті болған — ашаршылық

103

Тәуелсіз қазақ елі азаттықтың отыз жылдығына қадамын басып, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттері қайта зерделенуде, соның бірі — «ашаршылық» мәселесі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қазақ тарихындағы аштық қасіретіне тоқталып: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарстар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды жинап, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек» — деп қадап айтуы осы мақаланы жазуға себеп болды.

2021 жылдың 27 мамырында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Онда Парламент Сенатының Төрағасы мемлекет басшысына Елбасының тапсырмасы аясында дайындалған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника. Сборник документов» жинағын табыс етті. Үш томдық басылымда Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам мұрағат құжаттары жинақталған.

Осы орайда, жарыққа шыққан құжаттар жинағын зерделей отырып, 1928-1934 жылдардағы оңтүстік өңірдегі ашаршылық тарихына өзіндік ой-қорытындыларымызды беруді жөн көрдік.

Тарихшылар мен зерттеушілердің деректері бойынша 1917-1918 жылдары Түркістан өлкесінде орын алған ашаршылық салдарынан қайтыс болғандар саны 1 млн. адамнан асып түсті. 1921-1922 жылдардағы Батыс Қазақстан мен Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу губернияларын қамтыған ашаршылықта көз жұмғандар шамамен 700 мыңнан асты. Ал 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 200 мың адам шығыны болды деп мәлімет береді. Дегенмен мұндай көлемде қазақ елінде ашаршылықтың орын алып, оның пайда болуы мен салдарын тарихшылардың тыңғылықты зерделеуі заман талабы болып отыр.

Бізге белгілі болып отырған ашаршылықтың себептері табиғи құрғақшылық салдарынан егіннің шықпай қалуы және кеңестік билікті тізгіндеген большевиктердің қазақ халқына, дәлірек айтсақ қарапайым шаруаларға қарсы сорақы саясаты.

Қазақстанды 1925-1933 жылдары басқарған Ф.И.Голощекин елдi индустрияландыру және ұжымдастыру саясатын қарқынды жүргiздi. Нәтижесiнде қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелдi, 40 миллиондай мал басы 4 млн-ға қысқарды. Бұл жағдай елдің еңсесін көтере алмай жатқан кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалына он есе озбырлы соққы болды.

Ашаршылық жылдарынан сыр шертетін деректік шежіре жинағы Алматы «Атамұра» баспасынан 2021 жылы жарық көрді. Үш томнан тұратын шежіреде Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасын кеңестік жаңғырту кезеңінен дерек беретін құжаттар жинақталған. Әр алуан дереккөздер қазақ ауылдарын күштеп ұжымдастыруға байланысты қайғылы оқиғаларды баяндап, бай мен кулактарды тап ретінде тәркілеу және жою саясатын ашып көрсетеді, қазақ ауылындағы шиеленіс пен наразылық көңіл-күйінің күшейгенін дәйектейді. Терең аграрлық дағдарыс қазақ даласындағы бұрын-соңды болмаған экономикалық катаклизмдердің, әлеуметтік-демографиялық сілкіністердің және кең ауқымды ашаршылықтың бастаушысы болды. Жинақта осы апаттың объективті көрінісін беретін сол дәуірдің құжаттары – декреттер, қаулылар, резолюциялар, хаттамалар, есептер, анықтамалар, статистикалық мәліметтер, азаматтардың өтініштері арқылы деректелген қайғылы оқиғалар баяндалады.

«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника. Сборник документов» жинағының бірінші томы 1928-1929 жылдарды қамтып, 920 беттен тұратын — 267 істен, екінші томы 1930-1931 жылдарды қамтып 1240 беттен тұратын — 706 істен, үшінші томы 1932-1934 жылдарды қамтитын 1028 бет және 1126 істен тұратын жалпы 2099 мұрағаттық құжаттардан құралған.

1927 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің (бұдан былай ОАК) төрағасы Жалау Мыңбаев қызметінен алынып, 1927-1934 жылдары бұл қызметті Елтай Ерназаров атқарады (шын тегі Тышқанбаев). Ол Шымкент маңындағы болыс комитетінің хатшысы болып жүрген кезінде, қарапайым шаруа ретінде Голощекиннің көзіне түсіп, мұндай фамилия төрағаға жараспайды деп Елтайдың тегін Ерназаров деп өзгертуге мәжбүрледі.

Тарихшы Талас Омарбековтың айтуынша, Филипп Голощекиннің қоршауындағы топ таза шенеуніктер болған. Олар республиканың бірінші басшыларына қарсылық көрсетпеді, директиваларды қатаң ұстанды, Голощекиннің нұсқауларын сынамады. Бұл адамдар өз халқының психологиясын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін терең білген. Олар тәркілеу мен күштеп ұжымдастыру, қоғамдық-экономикалық процестерді зорлау қазақ ауылдарын апатқа апаратынын түсінді, бірақ байқампаздық ұстанымын ұстанды, өз пікірін білдірмеді және республиканың бірінші басшысына қарсылық көрсетпеді. Тарихшының айтуынша, Елтай Ерназаров осы топтағы азаматтардың бірі болған.

Сонымен Е.Ерназаровтың Қызылорда қаласында 1928 жылдың 28 ақпанында Шымкент уезінің қазақ және өзбек болыстарындағы шаруашылық және саяси науқандардың алдын ала қорытындылары туралы Қазақ ОАК төрағасының №11 баяндамасынан төмендегідей деректерді саралауға болады.

«Цель моей поездки в казахские и узбекские волости (аул и кишлак) — с одной стороны, ознакомиться с положением аула и кишлака, работой виков и аульно-кишлачных советов, а с другой стороны, и самое главное, принять непосредственное участи в работе на местах по выполнению плана хлебосырьевых заготовок, по реализации крестянского выигрышного займа, по сбору сельхозналога, недоимок и т.д., одновременно широко разъясняя и популизируя среди трудящихся масс аула и кишлака мероприятия советской власти и нашей Коммунистической партии, связанные с выполнением вышеперечисленных важнейщых задач».

Сонымен бірге «В этих целях посетил следующие волости: Бадамскую, Сайрамскую, Манкентскую, Тюлкубасскую, Караспанскую, Арысскую и побывал в центрах Ванновской и Беловодской (русских) волостей и виках, с продолжительностью моей поездки с 23 января по 24 февраля. В результате моей поездки и ознокомлением с ходом работы на местах, даю следующую краткую предварительную характеристику» — деп есебін бастаған.

Бұл деректен біз ОАК төрағасының «по выполнению плана хлебосырьевых заготовок» және «с выполнением вышеперечисленных важнейщых задач» -деп, қазақ қоғамының социализм идеяларының сөзсіз орындау арқылы нәтижесінде ашаршылыққа жетелеген бұйрықтарды қадағалауға келгенін айтады.

Ұсынып отырған бұл деректер өңірдегі ашаршылықты қалыптастырған сорақы жағдайды анықтауға және осы жинақ арқылы сол кездегі ахуалды зерделеуге болады. Мысалы, «Все волостные партийно-советские и кошчинские работники, весь парийный и беспартийный актив были мобилизованы на эту работу. Входе выполнения работ на местах среди партийцев, советских и кошчинских работников наблюдалось, в общем и целом, единодушие, за исключением Арысской и отчасти Караспанской вол. и по кишлаку Карабулак Манкетской вол., где на почве группировок и от остатков прошлогоднх таласов заметна была односторонность по выполнению работы, в частности, по выполнению объектов обложения, или скрытию такового в ходе проводимой компании, или не втягивая работников противоположенной группы, под видом защиты байства и манапства» — деп сынға алған.

Біздің ойымызша, бұл құжат арқылы билікті жүргізіп отырған коммунистік партияның саясатын сынға алып, «под видом защиты байства и манапства» деп көрсеткендей бар кінәні «қазақ байларына» жауып, қоғамға түсіндірген социализм тұсындағы тарихымызды қайта зерделеп, объективті баға беретін кезең келді.

Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы өз баяндамасында шаруаларға салынған ауылшаруашылық салығының жүргізілуіне де мынадай мәлімет береді. «К моменту прибития уполномоченных в вик, выполнение сельхозналога по вышеуказанным волостям колебалось от 60 до 70%. В результате нажима, в частности на баев и зажиточных элементов, а они составляли в громадном своем большинстве неплательщиков, до 24 февраля выполнение селхозналога всем указанным вол. в среднем в 95-96%, а если взять в отдельности, как например Сайрамскую вол., по 24 февраля выполнено на все 100%. К 1 марта селхозналог, полагаю, выполнят на 100% и все остальные вол.» -деп мәлімет береді. Бұл құжат арқылы да кеңестік билікті тізгіндеген большевиктердің ауылшаруашылық салықтарын төлетіп, оның себеп-салдарына қарамастан талаптың толық орындалуын қадағалауда, «асыра сілтеген» ақпараттар беруі кеңестік идеология саясатының бірі болғандығын айғақтайды.

1926 жылдың маусым айынан бастап Жетісу губерния бөлімінің Бас полиция басқармасының бастығы қызметін Логачев Леонид Павлович атқарады. Ол Қызылорда қаласында 1928 жылдың 15 тамызында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бойынша ОГПУ-дың (Біріккен мемлекеттік саяси басқару) өкілетті өкілдігінің мүлікті тәркілеуге байланысты байлардың әрекеттері туралы №64 мәліметін береді. Онда өлкедегі байлар қолдағы малдарының тәркіге кетпеуі үшін, барынша оларды сақтап қалу мақсатында, жергілікті ауыл әкімшілігімен келісе отырып олардың табиғи апаттан қырылғаны туралы жалған актілерді де түзген. Мысалы, «По вопросу о фиктивных актах на погибший скот мы имеем такие факты: житель аула №17 Меркенского района Сыр-Дарьинского округа Игизбаев Давлет Казибай при содействии местной аульной администрации, подпавшей под влияние байства, представляет фиктивные акты о гибели скота от стихийных бедствий, имея целью укрыть имеющийся скот от предстоящей экспроприации» — делінген.

Л.П.Логачевтың мәліметінен сол жылдардағы өлкедегі байлардың шаруашылықты ұсақтауда қолдағы малын туыстарына, көбінесе жай кедейлерге таратып беру арқылы малды сақтап қалу әрекеттерін де жүргізгендігін зерделеуге болады. Мысалы, «Наиболее распространенный вид укрытий имущества, главным образом скота, заключается в раздаче его родичам, зачастую и просто бедноте, дабы этим самым сохранить свой скот за собой на будущее под прикрытием бедноты: Бай аула №5 Кзыл-Ординского района Иржан Данов, услышав о предстоящей конфескации, произвел официальный раздел скота между сыновьями, пологая таким путьем провести себя в число бедняков. Среди одноаульцев Данов говорит: «Пусть теперь ко мне подкопаются, я такой же пролетарий, как и все». Раздел произведен только юридически, а так как, сыновья живут с ним вместе, весь скот, т.е.450 баранов, 35 верблюдов, 25 лошадей и 30 голов рогатого скота разделены между ними равным частями» — деп көрсетеді мәліметте.

Қазақстанда 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдарынан 2 млн. 200 мың адам шығынының болуына бірден-бір себеп болған айғақтарды жинақ құжаттарынан қайта зерделеуге болады.

Саяси тұрғыдан алғанда, 1928 жылы мүлкті тәркілеуге дайындалып жатқан саясатты білген байлардың кеңестік билікке қарсы жүргізген әрекеттерін саралауға болады. Л.П.Логачевтың мәліметі бойынша: «Житель аула №7 Бадамского района Сыр-Дарьинского округа Курабаев Урман – бай, совместно с аткаминерами: Джунусовым Тангулом и Иманкуловым Мирзали, ведут агитацию, призывая последнее к распродаже имущества и дроблению своих хозяйств, говоря: «Власть будет отбирать все имущество и скот у имеющих свыше 25 голов баранов, что уже проводится в Аулие-Атинском уезде.

В ауле № 15 Бадамского района Сыр-Дариньского округа бай Камытбеков Ибрагим усиленно ведет агитацию, в связи с предстоящей кампанией конфискации: аткаминеры поддерживают Камытбекова. Наряду с этой агитацией байство, а так же и часть середняков, подпавшая под влияние байства, начинает распродавать свое имущество и скот. Имеются такие случаи, когда зажиточные и баи продают крупный скот и вместо него покупают мелкий».

«В ауле №1 Бадамского района бай Урдабек (фамилия неизвестна) говорил: «Советская власть будет отбирать скот не только у баев, но и у середняков, и все будет отдавать беднякам». На этой почве создаются нездоровые настроения среди середняцкой части населения» — деп мәлімет берген.

Міне, бұл дерек арқылы қазақ қоғамында дәстүрлі шаруашылықты социализм жүйесіне күштеп бағындырғанын айқындаймыз. Нәтижесінде миллиондаған адамның ашаршылықтан зардап шегіп, оған қарсы күрескен азаматтардың қуғын-сүргінге ұшырауы мемлекеттік деңгейде көрініс берген саяси-әлеуметтік процесстердің салдарлары деп білеміз.

Исабек Б.Қ. — тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор м. а.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық

университеті Басқарма мүшесі — Стратегиялық даму

және әлеуметтік істер жөніндегі проректор

Орынбасарова Г.Ж. — тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық

университеті «Әлем тарихы және дінтану»

кафедрасының меңгерушісі

/бұл мақала Ontustik Rabat газетінің

2023 жылғы 14 желтоқсанда шыққан №50 санында жарияланды/