Ханбибі Есенқарақызы: «Ашаршылықта қырылған қазақтың саны әлдеқайда көп»

794
Қазақ тарихындағы жаңа тың деректер

«Ақ жол» демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мен «Ақ жол жастары» Алаш қайраткерлерін есе алды. Мардан Сапарбаев атындағы университетінің студенттері Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы жасаған еңбектерімен танысты.

Осы шара барысында ақын Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық кітабының тұсауы кесілді. Кітапта ХХ ғасырда Ташкентте латын алфавитімен жарыққа шыққан «Ақ жол» басылымында жарияланған мақалалар қазақ тіліне аударылып жазылған.

Қазақ тарихындағы жаңа тың деректер
Кітапта Қазақ тарихына байланысты тың деректер бар

Ханбибі Есенқарақызы, ақын, жазушы: «Бұл кітаптың қызығы – біздің тарихшылар бір-ақ миллион қазақ қырылды деп отыр. Ал мұны оқысаңыздар, нағыз шындықтың көзі ашылады. Көп жылдан бері шындық бүркемеленіп келді. Шын мәнінде ашаршылық жылдары ең көп қырылғандар – украиндықтар. Олар сол кезде 50 миллион болған. Соның 17 миллионы қырылды. Ал 6 миллионды құрайтын қазақ 4 миллион 200 мыңнан астам адамынан айрылды.»