Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру қызметі жауапты мекемелердің бақылауында

22

 

 

Көптеген  қала тұрғындары  пәтерлерінің жақсы   жылымауына байланысты жылу тарататын орталықтардың қызметіне шағымдануда.   Осыған орай аталған шағымдар негізінде шақыртуларға барған мамандар  пәтердегі жылудың мардымсыз болуының  негізгі себептерін анықтады.

 

Айта кететін жайт,  көбіне шағым түскен барлық көпқабатты тұрғын үйлерге  мамандар тарапынан жүргізілген тексеру барысында біраз пәтер иелері жылыту батареясының крандарын  ағытып, ауа шығармаған.  Сондай-ақ,  тұрғын үйдің  кіре берісіне дейін жылу қалыпты келіп тұрғанымен, пәтер иелері осы жерлердегі крандарын жауып қойған.  Соның салдарынан пәтерлерге  қалыпты жағдайда жылу келмей отыр.

Сондықтан мамандар пәтер иелеріне  жылудың мардымсыз болуының негізігі себептерін айтты.

 

ОЛАР:

– жылыту жүйесінде ауаның болуынан;

– ішкі жылу жүйесі реттелмегендігінен;

– тік құбырлар мен жылыту құрылғыларының бітелуінен;

– шүмектің бітелуінен (элеватор торабындағы дросселдік құрылғысы);

– тік құбыр бойынша тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесінің өзгеруінен (жылыту құрылғыларын ауыстыру және т.б.) және басқа да себептер.

 

Жоғарыда аталған себептерді жою үшін мынадай  шаралар қабылдау қажет:

– ауаны шығару қажет (әдетте радиаторда майевский клапаны бар);

– үй ішіндегі жылу жүйесін реттеу қажет;

– тік құбырды тазалау немесе ауыстыру қажет;

– элеватор қондырғысындағы шүмекті тазалау қажет;

– тұрғын үйдегі жылу жүйесінің тұтастығын қалпына келтіру қажет.

 

Құрметті қала тұрғындары,  алдымен   жоғарыда көрсетілгендей  пәтеріңізде орын алуы мүмкін олқылықтарды мұқият қарап,  аталған шараларды орындап, нәтижесі  болмаған жағдайда тиісті мамандарды  шақыртуларыңызды  сұраймыз.  Себебі,  әрбір шақырту шығыны қала бюджетінен қаржыландырылатынын ескертеміз!

 

Қазіргі таңда, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру қызметі жауапты мекемелердің бақылауында. Сонымен бірге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те аталған жайттармен толық танысып, тұрғындарға жылу беру  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге  тапсырма берді.