Креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

7

Қазақстанда креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін арнайы қор құрылмақ. Кейін қай өңірде қандай бағыттарға басымдық берілетіні нақтыланады. Осылайша, кино, музыка, қолөнер тағы басқа салалар дамытылып, экспортқа да шығарылмақ.

Бұл жұмыстарды жүргізуге Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы негіз болады. Бүгін салаға жауапты мамандар бас қосып, жұмыстардың алғашқы кезеңдерін талқылады. Болашақта креативті индустрияны өсіруге заңдық тұрғыдан да қолдау көрсетілмек.