Сенатор: Креативті экономиканы дамыту маңызды

29
фото mugalzhar.kz

Қайтарылған активтерден түскен қаржыны креативті экономиканы дамытуға жұмсау қажет. Бұл сенатор Нұртөре Жүсіптің ұсынысы. Депутаттың сөзінше, Үкімет халықтың табысын арттыру үшін 2025 жылға дейінгі бағдарлама әзірлеген.

Құжатта креативті экономика үлесі жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын құрап, 80 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп айтылған. Алайда, сенатор тиісті жұмыстың атқарылып жатқанына күмән келтірді.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Бүгінде креативті экономиканың әлемдік үлесі артып келе жатыр. Мәдени және шығармашылық индустрия жылына 2 трлн. астам АҚШ доллары алып келеді. Осы салаға оншақты жыл бұрын ғана мемлекеттік деңгейде мән берген Оңтүстік Кореяның креативті экспортының көлемі 12 млрд АҚШ долларға жетіп отыр».