Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы мөлшері ұлғаяды. Жасы бойынша және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдері 9%-ке өседі. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 7 процентке көтеріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңгені құрайды. 2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) 130 414 теңгені құрайды.
Биыл оның мөлшері 120 838 теңге болды.Қазір елімізде шамамен 2,3 миллионнан астам зейнеткер бар. Қолданыстағы заңға сәйкес, Қазақстанда ерлер 63 жасында, ал әйелдер 2028 жылға дейін 61 жасында зейнетке шығады.