Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 121 мыңға жуықтайды

30
Шілдеде өскен зейнетақы мен жәрдемақы берілуде

Елімізде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 121 мың теңгеге жуықтайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды. Қазір елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 320 мың адамды құрайды.