Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар арнаулы төлем алады

55
фото naryk.kz

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар енді 55 жасқа толған соң арнаулы төлем алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова арнаулы төлем зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс жасаған адамдарға зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беріледі,-дейді.

Оны алу үшін азаматтардың кемінде 7 жыл бойы жинаған зейнетақы аударымдары болуы шарт. Әлеуметтік төлем бірнеше қаражат көзінен жүзеге асырылады. Біріншісі жұмыс беруші тарапынан, екіншісі сақтандыру компанияларынан төленеді.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға дейін барады. Төлемдер 63 жасқа дейін төленеді және ол төлемдер 63 келгенде тоқтатылып, азаматтарға біріншіден, базалық зейнетақылық төлемдер, екіншіден, ынтымақтық зейнетақы жүйесінен төлемдер төленеді».