Ішкі нарықты контрафактілік өнімдерден қорғау ортақ мүдде

11
фото naryntany.kz

 

 

        Контрафактілік өнім  дегеніміз  еліміз  бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын  бұза отырып жалған өнімдерді айналымға  тарату немесе  басқаша  мақсатта пайдалану. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік  меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр.

Қазірге  кезде контрафактілік өнімдер көптеген  сауда нүктелерінде сатылуда.  Ал  лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер азайып  бара жатыр.  Бүгінгі таңда контрафактілік өнімдермен күрес Қазақстанда өзекті мәселердің бірі болып табылады, өткені экономиканың  кез-келген саласында жалған өнімдерді табуға болады. Әрбір кәсіпкер  сырттан алып  келіп сатып, халыққа таратып отырған затына  жауапты  болуы керек. Өткені әр бір іске адам өзі жауап беруге міндетті, ол зат  қайдан шықты, кім өндірді және оның құрамында адам десаулығына  зиянды заттар бар жоқтығын  анықтап барып, сәйкестік құжаттарымен халыққа  ұсынылуы қажет.

Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті  дамытуға кері  әсер етеді. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың да құқықтарын  қорғайды. Контрафактілік өнімдерді сатумен  айналысудың жағдайларында  Казақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.

 

 

 

 Г.Тышканбаева,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы  СЭБ –ның

техникалық регламенттер

талаптарының

сақталуын

бақылау бөлімінің басшысы