Мұнай бағасы жанармайдың бағасына әсер етеді ме?

110

Әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 100 долларға жетті. Бұл еліміздегі жанармайдың құнына әсер етуі мүмкін бе?

Энергетика министрі Болат Ақшолақов сұйық отынның қымбаттамайтынын айтты. Себебі елімізде бұл нарық реттеліп отыр. Ішкі нарықтағы мұнай бағасының әлемдік бағамен ешқандай байланысы жоқ.

Министрдің айтуынша, елдегі мұнай өнімдері өз шикізатымыздан әрі өз зауыттарымызда өңделетіндіктен, сыртқы нарықтағы бағаға тәуелді емес.

Шынар Оразова

 

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz