Ішкі нарықта шикі сүтпен қамту-өзекті

32

Әлемдегі геосаяси ахуал мен шикі сүттің тапшылығы отандық сүт нарығына кедергі келтіріп отыр. Бұған импорттың басымдығы мен Кедендік одақтың регламенттері де әсер етеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ІХ Сүт саммитінде айтылды.

Шараға әлемнің 15 елінен 70-тен аса сарапшы қатысты. Қазақстан сүт одағының мәліметінше, былтыр 6 млн тоннадан аса шикі сүт алынған. Оның 1 млн тоннасы өндіріске жарамды. Соның 78 пайызын шағын шаруашылықтар, қалған 22 процентін арнайы мамандандырылған ірі шаруашылықтар берген.

Мұндай фермалардың саны бүгінде – 200-ден асады. Ірі қараның басы – 136 мың. Алайда, ішкі нарықты шикі сүтпен қамту үшін олардың санын 500 мыңға жеткізу қажет дейді мамандар.

Шынар Оразова