Үйінен есірткі зертханасын жасақтағандар ұсталды

44
фото ТО ПД

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатқан күдікті 2 ер адамды анықтады.

Кентау қаласында тұратын күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Одан соң құрамында «опий» бар 10 мл-дік 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі.

Ал екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен полиция діни мазмұндағы кітапты тапты. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрады. Екеуі де бұрын сотты болған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мәнжай анықталуда.