Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттар әкімшілерінің басшылары Е.Есенбаев пен Ә.Көшенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалында «Сот кабинеті» сервисі жайлы насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында филиал қызметкерлері мен қоса келушілерге «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыз, шағымдар және өтінішхаттар беруге, мемлекеттік баж төлемін онлайн жүзеге асыруға болатындығы, сонымен қатар, сервис арқылы электронды сот құжаттарын қарауға, сақтауға, жүктеуге болатындығы және талап қою туралы ақпараттарды, істің қаралу динамикасын, бейне материалдарды көруге, апелляциялық шағым, жеке шағым, қадағалау тәртібімен сот актісін қайта қарау туралы өтінішхат, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау және т.б. арыздармен жүгінуге болатындығы жайлы кеңінен түсіндіріліп өтті.
Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.