Шымкентте қылмыс саны азайған

28

Шымкентте қымыс саны азайған. Мәселен былтыр осы уақыт аралығында 1717 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1093-ті құрап отыр. Былтыр қоғамдық орындарда 800-ден астам қылмыс тіркелсе, биыл ол көрсеткіш 357-ге төмендеген.

Ұлықбек Мылтықов, Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі: «Қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 %-ға, көшеде – 56,5 %-ға;- мас халде жасалған қылмыс – 2,6 %-ға ;- отбасы тұрмыста жасалған қылмыстар – 42,9 %-ға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар – 45,2 %-ға төмендеген»

Айта кетсек, Наурыз мейрамы аясында шымкенттік тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қаланың тыныштығын күзетуге 1500-ға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Мамандардың сөзінше 5 ауданда өткен мерекелік шарада ешқандай оқыс оқиға орын алмаған.