Шымкентте бұрынғы мектеп директоры 7 млн-ға тарта қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Ол ақша 2022-2023 жылдары Ақтас елді мекеніндегі №73 мектепті жөндеу жұмысына және білім ордасын көмірмен қамтамасыз етуге бөлінген. Алайда мемлекет қаржысы мақсатсыз пайдаланылған. Сонымен қатар сезікті мекемеде жұмыс істемейтін 2 адамға айлық аударып отырғаны белгілі болды. Қазір мамандар тергеу жүргізіліп жатыр.
«Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — дейді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Жанерке Атыкаева.
Білім басқармасының мәліметіне сәйкес айыпталушы 2023 жылы ақпан айында жұмыстан шыққан. Ал жаңа басшы мектептегі олқылыққа байланысты экс-директордың үстінен шағым түсіріпті.