Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

51
фото massaget.kz

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жетісай ауданы, Жетісу ауылының тұрғыны Б. өз үйінде зайыбы-жәбірленуші Т.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзу әрекетін жасаған. Құқық бұзушының осы әрекеті бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен хаттама түзіліп, сотқа қарау үшін жолданған.

Сот істі қарау кезінде құқық бұзушы Б. кінәсін мойындап, алайда жасаған әрекеті үшін жәбірленушіден кешірім сұрамайтынын айтты. Ал, жәбірленуші Т. оқиға барысында өзін балағаттағанын жеткізіп, құқық бұзушыға кешірім бермейтінін және оған қатаң жаза тағайындауды сұрады. Құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерді бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Құқық бұзушымен жасалған құқық бұзушылықтың сипатына мән бере отыра, құқық бұзушыға іс-әрекеті дәрежеленген бап бөлігінің санкция шегінде әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу қолдануды дұрыс деп санап, құқық бұзушы Б.-ға соттың а.ж. 21 мамырдағы қаулысымен он тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енбеген.